jasqazaq.kz

Оңтүстік Кореяда коронавирустан төртінші адам қайтыс болды

23 ақпан 2020, 12:16

Жексенбі күні Оңтүстік Корея жаңа коронавирустан төртінші адамның қайтыс болғанын және 123 адамның жұқтырғанын хабарлады.

Осылайша, диагнозы расталған адамдар саны 556-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP NEWS AGENCY-ге сілтеме жасап. Төрт адамның үшеуі оңтүстік-шығыстағы Чхондо қаласында Даенам ауруханасында болған. Сол жерде вирустан алғаш рет қайтыс болған адам тіркелді. Кейінірек 110 адамның ауру жұқтырғаны, соның ішінде тоғыз адамның медицина қызметкері болғаны анықталды. Кореяның ауруды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметінше, 123 адамның 75-і оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласында Синчхонджи шіркеуіндегі діндар адамдармен байланыста болған. KCDC сектаның 9000 мүшесінің карантинге орналасқанын мәлім етті. Жексенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша, Оңтүтік Кореяда 18 науқас толықтай айыққан. Еске салайық, жұма күні Оңтүстік Корея Тэгу қаласы мен оған жақын орналасқан Чхондо округін «ерекше бақылау аймағы» деп жариялады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия