jasqazaq.kz

Оңтүстік Кореяда коронавирус өршіп тұр

10 наурыз 2020, 11:47

Сейсенбі күні оңтүстік Корея коронавирус жұқтырған 131 жаңа жаңдай туралы хабарлады.

Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7 513 адамға жетті. Бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Корея ауруды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта 54 адам өткен жылдың соңында Қытайда пайда болған респираторлық вирустан көз жұмды. Қайтыс болғандардың көбі – созылмалы аурумен ауырған егде жастағы пациенттер. Расталған жағдайлардың 63 пайызға жуығы 2,5 миллион халық тұратын, үлкендігі жөнінен елдің төртінші қаласы Тэгудағы Синчхонджи (Shincheonji) діни сектасының филиалымен байланысты. Жаңадан вирус жұқтыру қарқыны соңғы уақытта біршама бәсеңсіді. Бұл денсаулық сақтау органдарының вирустың таралу орталығында орналасқан 210 000 Синчхонджи бағытын ұстанушыларды жаппай тексеруді аяқтады. Билік вирустың жаңа ошағының пайда болуына әлі де алаңдаулы екенін атап өткен. Корея ауруды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметінше, кеше анықталған 131 жаңа жағдайдың 92-сі Тэгуда, 10-ы көршілес Солтүстік Кёнсандо провинциясында тіркелген. Тэгуда ауру жұқтырғандардың жалпы саны — 5 663, Солтүстік Кёнсандода 1 117 адамға жетті. Сондай-ақ Сеулде вирус жұқтырған 11 жаңа жағдай туралы хабарланды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі