jasqazaq.kz

Оңтүстік Кореяда қаза тапқан шымкенттік тұрғынның денесін туыстары елге қайтара алмай жүр

24 сәуiр 2022, 16:49

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған 39 жастағы қазақстандықтың әйелі күйеуінің денесін Шымкентке қайтаруға көмектесуін өтініп, «Корея Көмек» қайырымдылық қорына жүгінді. Жағдайды отбасында қажетті соманың жоқтығы ғана емес, ер адамның шетелде заңсыз жұмыс істегені де қиындатып отыр. Бұл туралы Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Шымкент қаласының тұрғыны Батыр Оспанов бір апта бұрын Оңтүстік Кореяда анасының өлімі туралы хабарды көтере алмай, жан тәсілім еткен.

«Біз онымен хабарласып тұрдық, мен анасының денсаулығы туралы үнемі айтып отырдым. Ол қатты уайымдады. Оған анасының қазасы туралы айтқан кезде жүрегі шыдамаған болу керек. Ол бұған сене алмады», — дейді марқұмның зайыбы Замира Оспанова.

Қайтыс болғаны белгілі бола салысымен туыстары мәйітті отанына жеткізуге тырысқан, алайда қызмет құнына алынатын үш жарым миллион теңге отбасына ауырлық туғызған. Оның үстіне ер адамның шет елде заңсыз жұмыс істегені де бар. Сондықтан олар «Корея Көмек» қайырымдылық қорына жүгінген.

«Бұл әрине үлкен мәселе. Мысалы үшін, көп азаматтарымыз Кореядағы ай сайынғы миллион табысқа қызығып, кетіп жатады. Бірақ ол ешбір сақтандырусыз қаласың. Ресми мәлімет бойынша, олар елшілікте де, сыртқы істер министрлігінде де тіркелмеген. Олар жәй ғана билет алып, ұшып кетеді. Сондықтан, құзырлы орындарға айтарымыз, екі ел арасында жұмыс визасы ашылса, әрбір отандасымыздың жеке басы сақтандырылатын еді. Сол арқылы осындай қайғылы жағдайларда мемлекеттік сақтандыру компаниялары адамдарды қымбат шығыннан құтқарып, мәйітті елге тез арада жеткізеді», — деп түсіндіреді «Корея Көмек» қайырымдылық қорының әкімшісі Самат Ахметов.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы бес жылда Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 36 азаматы қайтыс болған. Олардың көпшілігінің мәйіттері марқұмдардың туыстары алып кетуге ақша тапқанша апталап мәйітханада жатты. Қазір Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін 36 мың қазақстандықтың он мыңға жуығына ғана еңбек визасы берілген.

Бұған дейін, Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандық кенеттен көз жұмғаны жазылған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр