jasqazaq.kz

Оңтүстік Корея мен Жапонияны «Хиннамнор» тайфуны әбігерге салды

06 қыркүйек 2022, 17:31

Оңтүстік Кореяда «Хиннамнор» тайфуны салдарынан 3,5 мың адам эвакуацияланды. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Хиннамнор» Тынық мұхитында 28 тамызда тропикалық дауыл ретінде пайда болды. Тайфун ішіндегі желдің жылдамдығы 40 м/с, екпіні 60 м/с жетеді. Ол оңтүстік жапон аралдарына жақын солтүстік бағытта қозғалып жатыр.

Бүгінде 100 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Жапонияда «Хиннамнор» тайфуны салдарынан 130-дан астам рейс тоқтатылды. Фукуока мен Кумамото арасында Шинкансен экспресс пойыздары тоқтатылды.

NHK телеарнасының хабарлауынша, Жапонияда Хиросима мен Хаката станциялары арасындағы учаскеде де көлік қозғалысы тоқтатылды. Басқа желілерде пойыздар ұзақтау аралықпен жүреді.

Сонымен қатар Жапонияның кей жерлерінде қатты жаңбыр жауды. Кочи префектурасының Тоса қаласында сағатына 67 миллиметр жауын-шашын тіркелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде