jasqazaq.kz

Оңтүстік Корея бала туу деңгейін көтерудің амалын тауыпты

02 наурыз 2018, 14:37

Оңтүстік Корея Парламенті 68 сағатқа созылатын жұмыс аптасын қысқартуды ұйғарды, бұл аптасына 6 күн 11 сағаттан астам жұмыс уақыты. Қазір кәрістер тек 52 сағат жұмыс істейді, оның 40 сағаты міндетті жұмыс уақыты болса, 12 сағаты үстеме жұмыс уақыты болып саналады, деп хабарлайды life.ru.

Осы жылдың шілде айында бұл заң күшіне енеді және заң алдымен ірі компанияларға ғана қатысты болса, уақыт өте келе жекеменшік кәсіпорындарға да қатысты болады.

Жұмыс аптасының азаюы Оңтүстік Кореяның президенті Мун Джейндің сайлау алдындағы бағдарламасының бөлігі болды. Билік өкілдері бұл заң елдің демографиялық жағдайына оңды әсер етеді деп санайды. 80-90 жылдар аралығындағы экономикалық өсім кезінде туу деңгейі күрт төмендеп, күні бүгінге дейін құлдырап келе жатыр.

Оңтүстік Кореядағы жаңа жұмыс аптасы 40 жұмысшы және 12 үстеме жұмыс уақытынан тұрады. Жаңа заң шарттарымен жұмыс істейтін кәсіпорындар бұрынғы өндіріс көлемін сақтап қалу үшін шамамен 11 миллиард доллар жұмсауға тура келеді. Дегенмен, бұл шешім еңбек өнімділігін арттыруға және елдегі жұмыссыздықты төмендетуге тиіс.

Baq.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды