jasqazaq.kz

Оңтүстік Қазақстанда зиратта адам сүйектері шашылып жатыр (видео)

24 ақпан 2018, 11:38

ОҚО-дағы ауылдардың біріндегі зиратта адам сүйектері шашылып жатыр, деп хабарлады «Алматы» телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Зертас ауылындағы ескі қабірді су басып, моланы аршып тастаған. Мұны көрген тұрғындар қазір жандарын шүберекке түйіп отыр. Өйткені, зират маңынан ағатын өзенге өлілердің сүйектері түсіп, ауыз суды улауы мүмкін. Ал жергілікті билік өкілдері «қажетті қаражат бөлінбейінше, ештеңе істей алмаймыз» деп, міз бақпаған. Түймебай Базаров былтыр туысын Зертастағы зиратқа жерлеген. Ара-тұра келіп, марқұмға Құран бағыштап тұрады. Бірақ соңғы көргені соқпалдай азаматты есеңгіретіп тастаған. Сөйтсе, қабірдегі адам сүйектері жер-жерде шашылып, аяқ астында тапталып жатыпты. «Жарда екеуі тұр. Өткенде мен келген кезде үшеу тұғын. Үш мәйіттің ішінде мәйіті жоқ. Құдашамды жерлеуге келгенбіз. Жерлеуге келген кезде осындай сұмдықты көрдім мен», — деді Түймебай Базаров. Моладағы «масқараны» айтып, дабыл қаққан қария ауыл билігі бұл мәселеге немкеті, дейді. Өйткені, тап осындай жағдай былтыр қыста қайталанған екен. Ол кезде де мазар маңынан ағатын Тоғыс өзені тасып, қабірлерді шайып кеткен. Шенділер сол жайтты шыбын шаққан құрлы көрмепті. «Тоғыс өзенінен Елтай, Қаратас, Сайрам сынды ауылдардың тұрғындары су ішіп, малдарын суарады», — деді Түймебай Базаров. Атқамінерлердің айтары бір. Қаражат қат, дейді. Сөздерінше, аудан әкімдігі тиісті ақша бөлмейінше, ештеңе істей алмайды екен. Олар қаржы берілгенде ғана, өзен арнасын басқа жаққа бұрып, жан-жағына ағаш екпек. «Бұл мәселе біздің назарымызда. Ол жерге көктемде ағаш отырғызып ТҮКШ-на хат жолдап, бетондауды және судың арнасын бұруды сұранып отырмыз», — деді Зертас ауылы әкімінің орынбасары Ерлан Сапаров.

 

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр