jasqazaq.kz

«Ономастика-қоғам-уақыт»

24 сәуiр 2019, 13:18

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филлология факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы өзінің кезекті конференциясын биылғы жылы Халықаралық деңгейде өткізді.

Үш бағыттағы мақалалар: «Қазіргі кісі есімдерінің қалпы мен ерекшеліктері»; «Жер-су атауларының қазіргі қоғамдағы рөлі»; «Жарнама тіліндегі жалқы есімдерінің қызметі» қабылданып, арнайы құрылған сарапшылардың қорытындысы бойынша баяндама жасауға мүмкіндіктері болды.

Конференцияға 60-қа жуық баяндамалар қабылданып, оның 45-і баяндама тыңдалды. Еліміздің біршама ЖОО-ның магистранттары, студенттерімен қатар Алматы облысы, Тараз қаласы және Алматы қаласындағы мектеп оқушылары да қатысып, жалқы есімдердің (оның ішінде жер-су атауларымен қатар, кісі есімдеріне қатысты) қоғамдағы маңыздылығы жайында болды.

Конференцияның ашылуында Алматы қалалық Тіл басқармасы, ономастика бөлімінің меңгерушісі Өтепберген Қалабай, тарих, археология және этнология факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қалыш Аманжол тақырып аясында өз баяндамаларымен ашты.

Баяндамашылардың ішінде PhD докторанттары, магистранттар, студенттер және оқушылар баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

2010 жылы құрылған үйірмеде 18 мүше, артынан 2011 жылы 25-тен аса мүшелерінің түрлі тақырып аясында, оның ішінде Алматы қаласындағы көше атаулары мен жарнамаға қатысты мәселелерді талқылай келе клубқа көтерілді. Содан бері республика көлемінде жылына бірнеше шара өткізіп, оның ішінде дәстүрлі түрде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында конференция өткізіп келеді.

Бүгінгі күні сол конференцияға Ресей, Қытай, АҚШ студенттері мен магистранттары қатысып, Халықарылық деігейге көтерілді.

Бұл клубтың атқарған жұмыстарының үлкен жетістіктерінің бірі, себебі жыл сайын Тараз Инновациялық Мемлекеттік Университетінің студенттері мен Тараз қаласының мектеп оқушылары қатысып келеді. Сүлейман Демирел университетінің студенттері және Қаскелең қаласындағы мектеп оқушылары да қызығушылық танытып, жылдан жылға көбейіп, тың тақырыптармен баяндама жасауда.

Университетіміз бен «Жерұйық» ономастикалық клубтың атынан ең үздік баяндамалар марапатталып, конференция соңында 1, 2 және 3 орындар тағайындалды.

Баяндамаларды тыңдап, оларға жүлделі орын беруде А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі Институтының мамандары Пірманова Күнсұлу, Садық

Дидар және кафедра оқытушылары ф.ғ.д., профессор Ж.Қ. Ибраева мен ф.ғ.к., доц. С.Б. Бектемірова және оқытушы Т. Қоңырбекова, 1 курс студенті Рүстем атсалысты.

Ономастика ғылымының қоғамдағы маңыздылығымен қатар, іргелес ғылымдардың рөлі жайында университетіміздің тарих факультетінің студенттері тарихи атаулар мен қазіргі қолданысы жайында, география факультетінің студенттері жер-су атауларын беруде географияның рөлі жайында, сонымен қатар журналистика факультетінің студенттері жарнама тіліндегі қателіктер мен жетістіктер жайында өз баяндамаларында дәлелдегендей болды.

Кісі есімдерінің адам өміріне әсері, әрбір адам өз есімінің мән-мағынасын біліп қана қоймай, сол есімге лайықты болудың маңыздылығы жайында және астрологтардың қазіргі нумерологиясы жайында қамти отырып мектеп оқушылары көптеген мәліметтерімен бөлісті.

Тараз қаласынан келген қатысушылар өз өңірлерінің тарихи елді-мекендерін зерттеуші ғалымдардың пікірлері мен халық аузындағы аңыздармен байланыстыра баяндады.

Расында да «жас ғалымдар» конференциясы деген атқа әбден лайықты, деп — конференция аяғында Ресейден келген магистрант Саидов Зайнулараб өзінің алған әсерімен бөлісе отырып, конференция ұйымдастырушылар мен университетімізге деген ризашылығын білдірді.

Қытай студенттері өз елдеріндегі ат/атаулады біздің өлкеміздегі ат беру ерекшеліктерін салыстыра атап өтті.

Беккер Р.,Чаудри К., АҚШ, Калифорния университет мен Лос Анжелес; Джорджтаун университетінің студенттері топонимдер жайында баяндама жасай отырып, біздің елдегі жер-су атауларымен ұқсастыққа қарағанда ерекшеліктерінің көп екендігін, мәдениет пен ұлттық болмысқа байланыстылығын атап өтті.

Келешекте ескерілетін мәселелер мен өткен конференция жетістіктері де соңында талқыланып, келер жылға қарастырылатын тақырыптар тілге тиек болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары:

Мадиева Г.Б., Медетбекова П.Т., Матай С.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты