jasqazaq.kz

«Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы

17 желтоқсан 2018, 10:55

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған
Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалары аясында
«Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы

Биылғы 2019 жылы Мемлекетіміздің бас ЖОО бірі де, бірегейі әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің 85-жылдығымен тарихта қалары анық.
85 жылдық тарихы бар қара шаңырағымызды бүгінгі таңда көптеген зиялы азаматтар білім алып, мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде елімізге зор қызмет етіп жатқан жайы бар. ТМД және Шет мемлекеттерде еңбек етіп жүргендері де жетерлік.
Бүгінгі таңда университетіміз келешекте білімді азаматтар мен білікті маман даярлауда үлкен істер атқарып жатыр. Білім мен қатар елімізге, қоғамға тәрбиелі де саналы азаматтар тәрбиелеуде жүргізіп жатқан іс шаралар легі де жетерлік. Сонымен қоса университетімізде студенттермен қатар мектеп оқушыларына арналған түрлі жиындар мен конференциялар ұйымдастыруда да үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Солардың бірі, Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының жанынан құрылған «Ономастикалық өлкетану» клубының жылдар бойы өткізіп жүрген, дәстүрге айналған «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты ғылыми-танымдық конференциясын атап өту керек. Биылғы жылы алтыншы рет өткелі тұрған конференцияға мемлекетіміздің түкпір-түкпірінен (мысалы, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының) мектеп оқушылары, студенттері мен магистранттары қатысып, өз өлкелеріндегі жалқы есімнің қолданысы, проблемалары мен жетістіктері жайында ой бөлісіп, бір-бірімен танысып, қарым-қатынас орнатып келеді.
Осы жылға дейін республикалық деңгейде өткен жиынға өзге елдерден қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдіруше жас мамандардың болуына байланысты биылғы жылы Халықаралық дейгейде өткізу жоспарлануда. Қатысушы жас ғалымдар Ресей, Қытай, АҚШ және өзге де елдерден деп күтілуде.

Жылдағыдан ерекшелігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалары аясында өтетін «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына магистранттар, студенттер мен оқушыларды қатысуға шақырамыз.
Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2019 жылдың 5 сәуірінде өтеді. Конференцияда тыңдалған үздік баяндамалар ерекше марапатталады.
Баяндамалар 3 бағытта қарастырылады: 1. Қазіргі кісі есімдерінің қалпы мен ерекшеліктері. 2. Жер-су атауларының қоғамдағы қазіргі рөлі. 3. Жарнама тіліндегі жалқы есімдерінің қызметі.
Сонымен қатар конференцияның жұмысы: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ,
Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары:
Медетбекова П.Т., Күзембекова Ж.Ж.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде