jasqazaq.kz

Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма?

14 шiлде 2020, 14:39

Білім және ғылым министрлігі берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Жоғары оқу орындарына академиялық және қаржылық дербестік берілген, сондықтан оқу ақысы қанша болатыны туралы мәселені әр институт, әр университет, әр академия өзі шешеді. Қашықтан оқытқанда шығын аз болады деген түсінік бар. Негізінде олай емес, мысалы оқу орнында 5 корпус болса, бесеуі де жабылмайды. Оның коммуналдық шығындары, жұмыс істеп жатқан оқытушылардың шығындары бар», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қашықтан оқу режиміне көшкенге дейін жоғары оқу орындарында қашықтан оқу жүйелері, технологиялары болмаған.

«Сондықтан олар қазіргі уақытта арнайы шығынданып, арнайы жүйелерді сатып алып жатыр. Интернет күшін кеңейтуде. Біз берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл министрлік емес, әр университет өзі шешетін мәселе», — дейді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия