jasqazaq.kz

Онлайн-казино ұйымдастырғандар екі жылға сотталды

29 шiлде 2020, 15:28

Шымкенттің екі тұрғыны онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін екі жылға сотталды. Бұл туралы Қазақстан Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Шымкент қаласының Экономикалық тергеу департаментінің тергеу нәтижелері бойынша, Наурыз және Нұрсат шағын аудандарында заңсыз ойын мекемелерінің жұмысы тоқтатылды.

«Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен онлайн-казино ұйымдастырған екі адам Қылмыс кодекстің 307-бабының, 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Тәркіленген заттар (10 теледидар, 22 жүйелік блок, 22 монитор және басқа да техника) мемлекет кірісіне алынды. Қаржы мониторингі комитеті заңсыз ойын бизнесін белгіленген орындардан тыс жерде ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде