jasqazaq.kz

«Өңкей қазақ шүлдірлеп…» – әкім Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың атына көше беруге қарсы шықты (Видео)

04 наурыз 2022, 12:47

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың атына көше беруге қарсы шықты. Бұл туралы журналист Анар Төлеухан Facebook-тағы парақшасында жазба жариялады.

«Златополье, Савинка, Сосновка, Дмитриевка, Сотниковка, Николаевка, Вишневка, Успеноюрьевка, Брусиловка, Клинцы, Красный Кордон, Зеленый бор, Лесной хутор, Новоандреевка бұл бір ғана Бурабай ауданындағы ауылдардың аттары. Бұл – Ресей емес, Қазақстан.

Жалпы, Ақмола облысын көлікпен араласаңыз (қараңызшы бәрі орысша) Степногор қаласы, Целиноград, Астрахан аудандарын басып өтіп, Щучинск, Балкашино, Державинка, Степняк қалаларына жеткенше Константиновка, Бауманское, Михайловка, Ярославка, Малотимофеевка, Малиновка, Капитоновка және тағы да басқа көптеген «-вка» ауылды көресіз. Бейне бір жат елде, жат жерде жүргендей боласыз.

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев Щучинск қаласының көшелеріне Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беруге қарсы шығып, ономастикалық комиссияның шешімін тоқтатып тастапты. Қалай жазбайсың енді.

Міне, мына бейнелерді көріңіз, ішінде бір орыс жоқ өңкей қазақ шүлдірлеп, ер Баукең мен ту жықпаған Рақымжанға ат бермеймін деп отыр», – деп жазды Анар Төлеухан.

Дереккөзі: Aikyn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде