jasqazaq.kz

Өнерге арналған шеберлік сағаты

30 қараша 2021, 11:30

     Қазақстан Мәдениет және Спорт Министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Қазақстан хор дирижёрлары» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Үкіметтік емес ұйымы 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап 11 желтоқсанға дейін «Облыстық мемлекеттік концерттік ұйымдардың жұмысшыларына арналған орындаушылық және композиторлық өнер саласындағы онлайн шеберлік сыныптар» өткізеді.

Қазіргі әлем қоғам алдында жаңа сын-қатерлер туғызады. Барлығы тез өзгереді, кешегі әдеттегі болған нәрселер, бүгінгі таңда маңызды емес. Локдаун мен пандемиядағы болған соңғы екі жылдары Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемдегі мәдениет саласын өзгертті.

Көп адамның қозғалысына және бір жерде жиналуына қойылған шектеулер «жанды» орындау және көрерменмен қарым-қатынасы маңызды болатын өнер саласына әсер етті. Гастрольдер мен толық залдар өткеннің жарқын бейнесі болып қала берді. Осыған байланысты, ҚР МСМ бастамашылық еткен шеберлік сыныптар жобасы Қазақстанның облыстық концерттік мәдениет ұйымдарына жылдам өзгермелі әлемде жаңа стратегияны құруына қолдау көрсетуге бағытталған.

РҚБ Төрайымы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова былай дейді: «Бүгінгі таңда өнер саласының маманы болу жеткіліксіз. Қазіргі заманғы әртіске өзінің айтарын көрерменге және тыңдаушыға жеткізу үшін маркетинг, креативті индустрия, ақпараттық технологиялар, жеке брендін әлеуметтік желілерде алға жылжыту және т.б. салаларда білімдері болуы керек».

Шеберлік сыныптардың дәріскерлері ретінде бизнес-тренерлер мен маркетологтар, симфониялық және хор дирижерлері, хореографтар, композиторлар, дәстүрлі музыканттар ZOOM платформасында өздерінің білімдері мен шығармашылық тәжірибелерімен бөліседі. Солардың ішінде: Артық Тоқсанбаев, Абзал Мухитдинов, Гүлмира Құттыбадамова, Жанғали Жүзбай, Гүлжан Өзенбаева, Алла Пацюк, Юлия Дмитриева, Серік Нұрмолдаев, Берік Батырхан, Садықова Анвара, Ажиева Қарлығаш.

Облыстық мемлекеттік концерттік ұйымдардың жұмысшылары: дирижерлер, дәстүрлі орындаушылар, хормейстерлер, композиторлар, аранжировщиктер, хореографтар және шығармашылық процесстің қатысушылары – менеджерлер, администраторлар, шығармашылық ұжымдардың көркемдік жетекшілері шеберлік сыныптардың қатысушылары болып табылады. Қатысушылар саны — Қазақстанның 11 өңірінен 90-нан астам адам.

Шеберлік сыныптар ұйымдастырушыларыныңың мақсаттары қатысушыларды мәдениет саласындағы маркетинг құралдарымен, шығармашылық өнімді алға жылжыту стратегияларымен, коммуникацияларды құру және қазіргі жағдайда әртүрлі мақсатты аудитория үшін шығармашылық өнімді құруымен таныстыру болып табылады және көптеген басқа сұрақтар да кіреді. Осыған байланысты интерактивті (миға шабуыл, «сұрақ-жауап» қағидаты, кейстерді талдау), коммуникативті және креативті өзара байланыс әдістері қолданылады.

@choralconductors.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық