jasqazaq.kz

Өнерден алыстап кеткен Сырым Исабаев қазір қайда жүр?

04 наурыз 2020, 11:14

Отандық шоу-бизнес әлеміне Қайрат Нұртаспен бірге қадам басып, халықтың ыстық ықыласына бөленген Сырым Исабаев аты дүркіреп тұрған кезде кенеттен өнерден кетуге шешім қабылдаған еді. Сол сәттен бері әншінің өмірі қалың көпшілік үшін құпия болып келеді. Өнер иесінің жанкүйерлерін бүгінде оның немен айналысып жүргені қатты қызықтыруда. Ел назарынан тыс қалған жұлдыздың қазіргі жай-күйін оның жақын досы баяндады деп жазады NUR.KZ «Гу-гу-лет» бағдарламасына сілтеме жасап.

Сырым Исабаевпен өнер жолында талай мәрте тығыз жұмыс істеген Абдусамат Базыхановтың әнші жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалығы бар. Танымал режиссер өнер иесіне қатысты бірқатар тың ақпарат бөліскен.

«Сырым Исабаев қазір өзінің жеке кәсібімен айналысып жатыр. Онымен хабарласпағаныма бір-екі жыл болды. Негізі өнерден кеттім деген, бірақ кейін «қайтадан ораламын» деді. Доспыз, араласамыз. Оның клиптерінің барлығын мен түсіргенмін. Бір-екі рет соңғы сөйлескен кезде жеке кәсібі жақсылау екенін айтты. «Өнерге қайтып келесің ба?» деп сұрағанымда, «келемін, ниет бар» деп жауап берді. Бірге кино түсірсек деп ойлағанбыз» , — деді Базыханов.
Оған қоса ол, Исабаевтың өнерден кетуіне не себеп болғанын да айтып берді.

«Мен Сырыммен қатты жақын дос болдым. Көп жерде қасында жүрдім, сырласы болдым. Сырым өзі шуға, екіжүзділікке мүлдем жоқ адам. Өте байсалды жігіт. Меніңше, өнерде жүргендердің көбісі бетперде болғандықтан, айналасындағы шудан шаршап кетті. Ол арзан дүние қуалап, содан шаршап кетті деп ойлаймын. Сол үшін кетіп қалған сияқты» , — деді режиссер.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия