jasqazaq.kz

Өнердегі аға буынға өкпе-назын білдірген жас әнші Мақпал Жүнісованың ашуына тиді

22 қазан 2017, 11:58

Мархаба Сәби соңғы посттарының бірінде, аға буынға өкпе-ренішін білдірген. Әнші бұл жазбасында отандық эстрадада жаңашылдықтың жоқтығын тілге тиек етіпті. Алайда, өнер иесінің бұл пікірі халық әртісі Мақпал Жүнісованың ашуына тиді деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мархаба желідегі атышулы жазбасында: «Осы біз, алдыңғы ұрпақ өкілдерін керемет деп қабылдап, шын-өтірігі аралас әйтеуір мақтап, пір тұтуға құмармыз. Шындығы сол, түк бітірмей, атақтың, қалтасының қамымен жүре беріпті. Бір жоғары деңгейде ерекше дүние жасайыншы деп бас қатырмапты», — дейді әнші.

Ал, бұл пікірге Мақпал Жүнісованың өз айтары бар.

«Бізге тиіп жатқан шығар ол сөз. Бізді ештеңе жасамады деп ойласа, бізге «Халық әртісін» бекер берген жоқ. Мемлекеттік сыйлықты бекер берген жоқ. Біздің архивті ақтарсын. Қаншама жылда, қаншама ән айтылды. Қаншама гастрөлдік сапарларға бардық»,- деді Мақпал Жүнісова.

Халық әртісі, жас әншінің шығармашылығынан азды-кем хабары барын айтады. Бірақ, Мархабаның орындауына деген махаббаты ояна қоймаған.

Өнердегі аға буынға өкпе-назын білдірген жас әнші Мақпал Жүнісованың ашуына тиді

«Мен бір әнін білемін. «Ұнайсың маған, ұнайсың маған…» дегенді қайта-қайта көп береді. Қатты менің жүрегімді тебірентсе, менің оның әндерін тыңдар едім. Ол мені тебіренткен жоқ. Мен оны тыңдамаймын»,- деді Жүнісова.

Өнер өлкесіндегілерге өкпесін айтқан Мархаба, бұл жазбасын «Өтірік, Бәке, Сәке деген көлгірсу сыйластықпен, қай ұшпаққа шығар екенбіз», — деп қорытындылаған. Сондай-ақ отандық эстрадаға «Орда» тобының ғана дүмпу әкелгенін айтыпты. Алайда, жас әншінің шулы жазбасына қаһарланған тек Халық әртісі ғана болмай шықты.

«Керемет жұлдыз болса, керемет халықтың көңілінен шығып, керемет қазақ өнеріне жақсы дүниелер қалдырып жатса, біздің қасымызда жүрмей ме, есімізде болмай ма?»,- дейді Шахизада.

Алайда, Мархаба бұл тақырыпқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Тіпті, парақшасындағы постты да өшіріп үлгерген. Алдағы уақытта, жас әнші бұл жазбасының нақты кімдерге бағытталғанын айтып, мардымды жауабын бере жатар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде