jasqazaq.kz

Оң жақ рульді көліктерді тіркеуге қатысты мәселе шешілді

26 желтоқсан 2022, 11:59

Қазақстанда шетелде тіркелген оң жақ рульді автокөліктерді біржолғы заңдастыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Қайсар Сұлтанбаев Президенттің мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру жөніндегі тапсырмасы аясында тиісті жұмыстар жүріп жатқанын мәлім етті. Осы орайда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында тиісті норма қамтылған.

«Осы заң жобасына біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оң рульді көліктер біржолғы заңдастыруға енгізіледі. Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар. Бұл ұсыныс енгізіліп, комитетте қолдау тапты. Мәселе шешілді», — деді ІІМ өкілі.

Жалпы, бүгінгі кезде Қазақстан Республикасында заңдастыруға жататын автокөлік саны 300 мыңнан асады. Жақында Қ. Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде рулі оң жақтағы көліктерді заңдастыру не үшін керек екенін түсіндірген еді.

Еске сала кетейік, 2007 жылдан бері рулі оң жақтағы көліктерді тіркеуге заңнама бойынша тыйым салынған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек екенін айтты.

«Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынамын», — деді Президент.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде