jasqazaq.kz

Он қабатты үйде бірнеше пәтер өртеніп, 49 адам эвакуацияланды (видео)

11 мамыр 2021, 10:27

Павлодар қаласында пәтерлері өртеніп жатқан үйде тұратын әйел медициналық көмекке жүгінді.т Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«11 мамыр күні сағат 02.57-де Павлодар қаласының Сибирская, 85 мекенжайында орналасқан он қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы бір бөлмелі үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, сол пәтердің балконындағы үй заттары, терезенің ағаш жақтауы, ал бөлмесінде – үй заттары мен жиһаз өртеніп жатқан. Іргелес жатқан үш бөлмелі пәтердің балконындағы ағаш жақтау күйген» деп хабарлады тілшілерге Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мәліметінше, одан жоғары орналасқан алтыншы қабаттағы екі пәтер терезелерінің ағаш жақтаулары мен үй заттары өртенген.

Өрттің жалпы ауданы — 11,5 шаршы метр. Өрт сөндірушілер келгенше бұл кіреберістен 49 адам, соның ішінде 11 бала өз бетінше эвакуацияланды.

«Апаттар медицинасы қызметіне демікпе диагнозымен 1967 жылы туған әйел келіп, көмек сұраған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді», — деп қосып өтті департаменттен.

Өрт сағат 03.37-де сөндірілді. Оқиғаның себебі мен келген шығын анықталып жатыр.

Оқиға орнына ТЖ департаменті жеке құрамының 26 қызметкері мен жеті техника, апаттар медицинасы орталығы, 102 қызметкерлері шыққан.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия