jasqazaq.kz

Он екі жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

01 қараша 2022, 17:15


Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген», — деп жазды Ішкі істер министрлігінен.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр