jasqazaq.kz

Он бір жыл құлдықта болған әйел «Пендеміз ғой» ток-шоуына келді (Видео)

20 қыркүйек 2021, 17:08

«Еуразия» Бірінші арнасында «Пендеміз ғой» ток-шоуының кезекті эфирі көрермендерге жол тартты, деп хабарлайды zakon.kz.

«Еуразия» Бірінші арнасындағы «Пендеміз ғой» ток-шоуының 17 қыркүйекте шыққан эфиріне еріксіз еңбекке жегіліп, құл қамытын киген келіншек келді. 11 жыл бойы Елорданың қақ төрінде құлдықтан қаша алмай, күн кешкен.

Қиыншылықтан көз ашпаған бұл кейіпкер Ташкент маңындағы Янгиюл ауылында туған. Кішкентайынан ата-апасының қолында өскен кейіпкеріміздің әкесі түрмеден босай сала қызын алып кеткен. Оның айтуынша, бұл оның ең үлкен қателігі болған екен. Туған әкесінің ұрып-соққаны аздай, кейін зорлық жасауға дейін барған. Ол жақтан қашып анасының қолына барса, мұнда да жасөспірім қызды үйге сыйғызбапты.

«Пендеміз ғой» ток-шоуының кезекті кейіпкері құлдыққа қалай түсті? Қолында құжаты жоқ қыз Қазақстанға не үшін келді? Елорданың қақ төрінде қыз-келіншектерді құлдықта ұстағанына сенесіз бе? Осы және өзге сұрақтардың жауабын білу үшін ток-шоуды «Еуразия» Бірінші арнасының YouTube арнасынан тамашалай аласыздар.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия