jasqazaq.kz

Он баланың әкесі Ыбрайымов жастарға ақылын айтты

14 қазан 2017, 2:12

Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ыбрайымов жақында ғана оныншы баланың әкесі атанған. Боксшы отбасын құру мәселесінде жастарға өте абай болуды әрі жауапкершілікпен қарауға кеңес береді. Бұл жайында Stan.kz хабарлады.

“Жігіттер жағдайларың болса қызды күттіртіп қоймай, ертерек үйленген дұрыс. Қазақтың саны көбейгені жақсы. Ыңғайы келіп жатса ұрпақты көбейту керек. Әрі оған өте жауапкершілікпен қараңыздар. Біздің бабаларымыз батыр болған. Балаға дұрыс тәрбие беру, керегімен қамтамасыз ету әкенің міндеті”,-деді Олимпиада чемпионы.

Спортшының өзі бірнеше уақыт бұрын оныншы баланың әкесі атанған еді. Яғни үшінші некедегі жары дүниеге ұл бала алып келді.
«Ең кенже ұлым бір ай бұрын өмірге келді. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Себебі, әйелім: «Сен бокстан алтын алдың, ал мен ана ретінде алтын алғым келеді. Енді жеті бала табуым керек», – дейді.

Қазіргі таңда үш некеден қос қызы мен сегіз ұлы бар боксшының перзентінің үлкені 20 жаста екен.

Ермахан Ыбрайымовтың тұңғышы Тойбек режиссер болғысы келсе, екінші ұлы Мейірбек аспаз оқуын оқуда. Ал Айсұлтан есімді ұлының боксқа қабілеті бар екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде