jasqazaq.kz

Өмірзақ Шөкеевтің қанша жалақы алатыны белгілі болды

18 қараша 2021, 14:13

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ең тиімді әкім ретінде бірінші орынды иеленген.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Sputnik Қазақстан тілшісіне өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қанша жалақы алатынын айтты.

Еске сала кетсек, Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып 2019 жылдың 26 ​​ақпанында тағайындалған еді.

Бұған дейін ол Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған.

«Өмірзақ Естайұлының жалақысы 1 миллион 900 мың теңге (4400 доллар)», — деп жауап берді Қалқаманов облыс әкімінің жалақысы туралы сұраққа. Экономика ғылымдарының докторы Шөкеевтің жұмыс тәжірибесі мол.

Әр жылдары экономика, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары болып, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен елорданы басқарды. Шөкеев сонымен қатар Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

«Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының биылғы рейтингінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ең тиімді әкім ретінде бірінші орынды иеленген. Сауалнамаға әртүрлі қызмет салаларынан және Қазақстанның өңірлерінен 30 сарапшы қатысты. Өмірзақ Шөкеев ақпараттық, соның ішінде әлеуметтік желідегі ашықтық критерийін қоспағанда, барлық өлшем (әкімнің жұмысына халықтың қанағаттануы, облыстағы экономикалық және ішкі саяси жағдайды басқару, әкімнің саясаткер ретіндегі келешегі) бойынша жетекші орындарды иеленді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр