jasqazaq.kz

Өмірзақ Шөкеев мақтаралдықтарды сабырға шақырды (видео)

02 мамыр 2020, 11:15

Түркістан облысының әкімі Мақтарал ауданында екі ауылды су басуына байланысты халыққа бейнеүндеу жолдады. 

Видеода Түркістан облысының әкімі жағдайды түсіндіріп, тұрғындарды үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға шақырады.

«Өзбекстан тарапымен сөйлестім. Ол жақта қоймадан шыққан су тоқтатылған. Мақтаралдағы коллектордың қуаты — секундына 120 текше метр. Алайда түнімен секундына 180 текше метрден су ағып, ауылдарды су басып қалған. 4 елдімекеннен 5400 адам көшірілді. Оларға тиісті көмек көрсетіліп, қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Қазір біз су басқан өңірлерді қайтадан аралап, тексеріп шығамыз. Су басу қаупі сейілсе, халқы көшірілген үйлерді күзетке аламыз. Мүлкін, малын полиция қорғайды. Мал мен адам шығыны жоқ. Су деңгейі әлі де көтерілсе, тағы 4 елді мекеннің халқын эвакуациялаймыз. Ол — Нұрлы жол, Фердауси, Жантақсай және Жайлыбай ауылдары. Қазір дүрлігіп, үрейленбеңіздер. Бәрі реттеледі. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды реттеуге облыстық толық мүмкіндігі бар», — дейді Өмірзақ Шөкеев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия