jasqazaq.kz

Өмірқұл Айниязов: Әншілер ән ұрлаудан ұялмайтын дәрежеге жетті

20 наурыз 2019, 17:18

Қазақ эстрадасында сапасы төмен, саны көп әндердің қаптап кеткені көпшілікке белгілі. Жасыратыны жоқ, қазіргі күні өнерге енді-енді қадам басып келе жатқан жас әншілердің репертуарында әуені жеңіл ырғақты, сөздері тез жатталатын мағынасы жоқ бір ән кездеседі. Қазақ музыка өнерінің дәрежесі мұндай әндерден қаншалықты төмендеп кетті? Stan.kz тілшісі әнші, халық әндерін заманауи нақышқа келтіріп айтып жүрген Өмірқұл Айниязовтың осыған қатысты пікірін анықтады.

Әншілер өзбектің, түріктің сазгерлерінен ән алатынын, өзге ұлттың әндерін ұрлайтынын жасырмай айтатын дәрежеге жеткен. Отандық сазгерлердің пікірінше, «халық сұранысы осы» дегенді жадына құйып алған кейбір әншілер плагиатқа бару арқылы тез танылудың жолын көздейді.

Сазгер Нұрлан Еспанов отандық бағдарламалардың бірінде плагиатқа құмар әншілерге шүйліккен еді. Ол дайын дүниені пайдаланғанды жөн көретін, өз бетімен ізденгісі келмейтін әншілерді сынның астын алған.

Әнші, термеші Өмірқұл Айниязов та өзінің әріптестерінің ән ұрлаудан ұялмайтын дәрежеге жеткенін жасырмайды.

«Ән ұрлағанға қарсымын. Қарсы екенімді жігіттерге айтып жүрмін. Әншілеріміз түріккке барып, түріктің сазгерлерімен, Өзбекстанға барып, өзбектің сазгерлерімен жұмыс істеп жүрген жоқ. Интернеттен ұнаған әндерін ала салады. Сол жақтағы әншілердің орындауындағы әндерді қазақшаға аударып алып жүр. Өкінішке орай, біздің жастар қазір бір ғана әнді іздейді. «Мария Магдалена», «Аспанға қараймын» сынды әндерді айтуға талпынады. Шығыс стиліндегі әндермен халықты билету оңай, бірақ менің ойымша, адамдарды қазақтың әнімен де билетуге болады. Өзім «Ақжайнаққа» да, «Қыздар-ай» билетіп жүрмін», — дейді ол.

Өмірқұл Айниязовтың пікірінше, әнші өз-өзін сахнада дәлелдеп, халық сүйіктісі атануы үшін хит ән орындауға міндетті емес.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде