jasqazaq.kz

Өмірбек Жолдасбековтың туғанына 90 жыл

27 ақпан 2021, 11:03

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2021 жылдың 1 наурызында техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА және ҚР ҰҒА академигі, көрнекті механик-ғалым, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының ғылымы мен жоғары білімінің ірі ұйымдастырушысы, ҚазКСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлының туғанына 90 жыл толуына орай мерекелік шара өтеді.

Мерейтой аясында академик Ө.А.Жолдасбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою, шақырылған қонақтар мен университет ұжымының қатысуымен онлайн режимдегі салтанатты шара Ө.А. Жолдасбеков атындағы стипендияларды тапсыру рәсімі, математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық байқауы ұйымдастырылады.
Академик Ө.А. Жолдасбеков – Қазақстан жоғары мектебінің дамуына негіз болған бірегей тұлға. Бүгінде студенттерді даярлайтын жаңа мамандықтар мен ғылыми бағыттар оның есімімен тікелей байланысты. Ғалымның басшылығымен ЖОО жаңа зертханалар, кафедралар, ғылыми орталықтар, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Инженерлік академиясы құрылды. Қазақстандағы студенттердің символына және әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның ғылымы мен білімінің белгісіне айналған бірегей кампус – ҚазҰУ қалашығының негізі осы білім ордасына Өмірбек Жолдасбековтің басшылық еткен тұста қаланып, бой көтерді.

Өмірбек Арысланұлы 1970 жылы еліміздегі ең ірі және ең байырғы жоғары оқу орны – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. Оның басшылық еткен жылдарда университет КСРО-дағы үздіктер университеттер қатарына кірді және жоғары оқу орындарының әлемдік қоғамдастығында танымал болды.
Академиктің 90 жылдық мерейтойына жиналған университет ұжымы, шәкірттері және арнайы шақырылған қонақтар Ө.А.Жолдасбековтің жоғары оқу орнының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін ерекше құрмет көрсетіп, академик Өмірбек Арысланұлын білетін әріптестері, шәкірттері білім саласына және қоғамға орасан еңбек сіңірген тұлғаны еске алады.

Мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
(ҚазҰУ қалашығы, академик Ө.А. Жолдасбековтің ескерткіші)
Өтетін уақыты: сағ. 10:00
Байланыс телефоны: +7 727 377-31-48

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия