jasqazaq.kz

Өмір бойына сотталған лаңкес түрмеде асылып қалды

15 ақпан 2020, 12:21

Ақтөбеде әскери бөлімге шабуыл жасаған лаңкес өзіне қол салды. Өмір бойына сотталған 34 жастағы Асхат Иманғалиев түрмеде асылып қалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ол осыдан төрт жыл бұрын жат ағымның жетегінде кеткен жігіттермен 6655 әскери бөлімі мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасаған. Сол кезде жеті бейбіт тұрғын қаза тауып, қырыққа жуық адам жарақат алды. Алты күнге созылған арнайы операция барысында оқиғаға қатысы бар делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған. Ақтөбедегі қарулы шабуылға қатысқан 29 адамның жетеуі сот үкімімен өмір бойына түрмеге қамалған болатын. Өзге айыпталушылар екі жылдан 22 жылға сотталып, «қылмысты жасырып қалған» бір адамның төрт жылға бостандығы шектелді. Өмір бойы түрмеге қамалған жеті лаңкестің бірі былтыр туберкулез дертінен қаза тапса, екіншісі – Асхат Иманғалиев Арқалықтағы түрмеде өзіне қол салды. Ол тірі кезінде берген сұхбатында азғырушыларының «тірідей қолға түскенше, өлген артық» деп үгіттегенін айтқан болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия