jasqazaq.kz

«Омбы – Павлодар» тас жолында 26 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

18 сәуiр 2016, 14:24

Бүгін «Омбы-Павлодар» тас жолында қою тұманнан 26 көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан жеті адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды bnews.kz

«Черлак жолында (Омбыда М-38 тас жолын осылай атайды – ескертп.) тұман салдарынан алғашында 14 көлік соқтығысты, кейін тағы 12 көлік соғылған. Жол учаскесінде ұзын-сонар кептеліс түзілген,  қозғалыс қиындады. Қаза тапқандар жоқ, алайда жеті адам жапа шекті. Оның үшеуі ауруханаға жатудан бас тартты», — деп нақтылады автоинспекциядан.+

Омбы облысы үкіметінің мәліметінше, жол апатының салдарын жою бойынша іс-қимылды үйлестіру үшін оқиға орнына үкімет төрағасының бірінші орынбасары Игорь Бондарев аттанды. Қазір аталған автожолда қозғалыс қайта жанданды.

 

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі