jasqazaq.kz

Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан қыз сотта кешірім сұрады

17 қазан 2018, 17:36

Танымал жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты бойынша сотталушы Малика Мұхитова марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кешіріңіздер мені, өтінем. Күн сайын Алладан Ескендір және сіздер кешірсе екен деп тілеймін. Мұндай жағдай боларын білмедім және қаламадым. Өтінем, мені кешіріңіздерші. Сіздерге қаншалықты ауыр екенін түсінем», — деді М. Мұхитова Астана қаласының Есіл аудандық №2 сотында. Сонымен бірге, сотталушы жол-көлік апатының мән-жайын айтып берді. «Сол күні жұмыстан ертерек жіберді. Жолай Керей мен Жәнібек хандар-Мәңгілік ел даңғылы қиылысындағы азық-түлік дүкеніне кірдім. Дүкеннен шығып, көлігіме отырдым және Керей мен Жәнібек хандар көшесіне шығу үшін солға қарай бұрыла бастадым. Тежегішті басып, айналама қарадым. Солға бұрыла бергенімде оң жағымнан қап-қара бір нәрсе келіп, көлігіме соғылды. Алғашында не болғанын түсінбедім. Көліктен түсіп қарасам, асфальтта жас жігіт жатыр. Адамдар жүгіріп келе бастады. Жедел жәрдем шақыруға әрекеттендім, бірақ маған дейін шақырып қойыпты», — деді ол. Еске сала кетсек, 22 маусым күні Астанадағы жан түршігерлік жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болған еді. Апат елордадағы Мәңгілік ел даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған. Астана қалалық ішкі істер департаменті апатқа себепкер болуы мүмкін «Hyundai» автокөлігінің иесі, 29 жастағы астаналық әйелге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлаған еді. Сондай-ақ Астана қаласының Ішкі істер департаменті Олжас Сүлейменовтің немересі — Ескендір Сүлейменовті көлігімен қағып өлтірген жүргізуші Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті бастығының қызы екенін растаған. Атышулы іс бойынша 12 қазан күні басталған сот процесі жәбірленуші тараптың өтінішімен 17 қазанға шегерілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде