jasqazaq.kz

Олжас Сүлейменовтің немересін ІІД басшысының қызы қағып кеткен

28 маусым 2018, 15:53

Бүгін Астанада өткен арнайы брифингте Олжас Сүлейменовтің жалғыз немересін қағып кетіп, мерт қылған айыпты Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті басшысының қызы болып шықты деп жазады NUR.KZ.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті өкілдерінің айтуынша, өңірлік ІІД департаменті басшысының қызы Мұхитова есімді азаматша маусымның 22-сі күні кешкі сағат 20:56-да марқұмды қағып кеткен.

«Айыпты өзінің кінəсін толықтай мойындады. Ол кейбір БАҚ беттерінде хабарланғандай, оқиға орнынан қашып кетпеген. Жол көлік оқиғасын 1989 жылғы Мұхитова есімді азаматша жасады. Ол өзінің Hyundai маркалы көлігімен 1991 жылғы Сүлейменовті қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 345 бабы 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер айыпталушының кінəсі дəлелденсе, ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, олар айыпталушының ішімдік ішпегенін əрі есірткі заттарын тұтынбағандығын мəлімдеді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді