jasqazaq.kz

Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болуына байланысты тергеу жүріп жатыр (видео)

24 маусым 2018, 13:16

Астана қаласының полицейлері Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған жол апатына қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Елордалық ІІД мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Астана қалалық ІІД жедел тергеу тобының қызметкерлері жол апаты болған жерге барды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Материалдар толық көлемде қылмыстық іске қосылды», — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. 26 жастағы мотоциклші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан болатын. ​»Hyundai маркалы көліктің жүргізушісі астаналық 29 жастағы қызға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы елордалық ІІД басшылығының бақылауында, — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан мотоциклшінің туыстары куәгерлерді іздестіріп жатқаны жайлы хабарланған болатын. Қаза болған жігіттің туыстары осы оқиға жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық