jasqazaq.kz

Олжас Сүлейменов соттан Малика Мұхитованы кешіруді сұрады

20 желтоқсан 2018, 17:45

Белгілі жазушы Олжас Сүлейменов немересі Ескендір Сүлейменовтің өлімі үшін екі жылға сотталған Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Еске салайық, Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға сотталған болатын. Мұхитова енді жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді. «Ескендір Сүлейменовтің қаза болғанына алты ай болды. Туыстарын мұндай ауыртпалықтан ешқандай да уақыт емдемейді. Немерем тәжірибесіз жүргізушінің қолынан қаза тапты. Жүргізуші бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан мотоциклшіні қағып өлтірді. Бірнеше айдан соң тергеу бұл деректі растады. Осыған сәйкес аудандық сот шешім қабылдады. 2018 жылдың 26 желтоқсанында Астана қалалық соты осы істі тағы қарайды. Сүлейменовтер отбасындағы ең үлкені мен болғандықтан жауапкершілікті өз мойныма алып, Жоғарғы сотқа осы жол апатына кінәлі деп танылған сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұраймын. Оның жасы 30-ға келіп қалды. Тұрмысқа шықсын, ана атансын. Сонда ғана Малика Мұхитова біздің сезімімізді түсінеді. Ескендірді енді қайтара алмаймыз, бірақ ол қыздың өмірін құртқымыз келмейді», — деп жазған Олжас Сүлейменов үндеуінде. Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер