jasqazaq.kz

Өлтірілген егіздердің анасы сотта соңғы сөзін айтты

22 желтоқсан 2017, 11:38

Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта егіздердің өліміне қатысты сот талқылауы жалғасуда, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Сотталушылар – қаза болған сәбилердің ата-анасы: 29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко. Оларға «Кісі өлтіру» және «Қауіп-қатерде қалдыру» баптары бойынша айып тағылған.

Сотта Алла Волченко соңғы сөзін сөйледі: ол үлкен ұлына қатысты аналық құқығынан айырмауды тағы да сұрады.

«Үлкен ұлым Равиль – менің басқа ешкімім қалмады. Екі баламнан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырмын. Мұндайды ешкімнің басына бермесін. Жүрегім қан жылайды, сәбилерімді жақсы көремін, барым да, нарым да солар болатын. Үнемі армандайтынмын, солардың күлкісін көру үшін жұмыстан үйге асығатынмын. Бар арманым балаларым болды, ешқандай қиындықтан қорыққан емеспін. Әлі күнге дейін есімді жия алмай жүрмін. Әп-сәтте бәрін жоғалттым, кішкентай періштелерімнен айырылып қалдым. Олар мәңгі жадымда болады. Эмилдің арам ойын білсем, тоқтатар едім ғой? Бар айыбым, дер кезінде жағдайымды айтып, арыз бермедім, сол үшін баршаңыздан кешірім сұраймын. Бәрін естігенде, анық-қанығын тексеру үшін бұрынғы күйеуімді полицияға баруға көндірдім», — деді ол.

Екі жақтың пікірсайысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Гильмутдиновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Волченконы 19 жылға соттауды сұраған.

Гильмутдинов өкініп, күнәсін толығымен мойындады.

Жақса толмаған егіздердің мәйіті қыркүйек айында жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан табылды. Олардың өліміне балалардың анасымен бірге тұратын ер адам айыпталған. Ер адам балалардың әкесі екенін мәлімдеді. Егіздердің ата-анасы олардың денесі табылғаннан кейін келесі күні ұсталды.

Әкесі сәбилерді ұйықтауға мұрша бермеген соң өлтірдім деп жауап берді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық