
Еліміздің тарихында тұңғыш рет олимпиадалық құраманың формасы қазақша QAZAQSTAN деген атаумен шығады.
Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері: «Олимпиада ойындары — ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, командасын қолдайтын барлықь жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының Qazaqstan деп жазылуы — маңызды қадам.
Олимпиадашылар — Қазақстанның шетелдегі маңызды елшілері. Сондықтан біздің отандастарымыз
біздің командамызға — өз командасына қолдау көрсетеді деп үміттенеміз», – деді.
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар жаңа формамен аттанады. Айта кетейік, 17 қаңтарда барлық жарыс аяқталды. Қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен 82 лицензия жеңіп алды.
Айдос Құсайынұлы