jasqazaq.kz

Олимпиадаға келген угандалық спортшы жоғалып кетті: оның бөлмесінен хат табылды

19 шiлде 2021, 10:17

Уганданың 20 жастағы ауыратлеті Юлиус Ссекитолеко хат қалдырып, жоғалып кеткен, — деп хабарлайды Kyodo News агенттігі.

Уганда делегациясы 19 шілдеде Жапониядағы Олимпиада ойындарына қатысуға келген, құрамында тоғыз адам болған, алайда екі қатысушының ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Юлиус Ссекитолеко жаттықтырушысымен 20 шілдеде еліне оралуы керек болған.

16 шілдеде спортшы коронавирусқа жоспарлы сынама алу кезінде ұлттық құраманың лагерінде жоқ болып шыққан. Оның бөлмесінде хат тұрған. Хатта Ссекитолеко Жапонияда жұмыс істегісі келетінін, Угандаға оралғысы келмейтінін жазған. Спортшы делегация мүшелерінен заттарын беріп жіберуді сұраған.

Тергеу кезінде Изумисано қаласында тұратын спортшы қонақүйден шамамен 200 шақырым жердегі Нагоиге дейін билет алып кетіп қалғаны анықталған. Жапония билігінің мәліметінше, бұл жерде былтырдың қорытындысы бойынша, шамамен 150 угандалық тұрған.

Уганда делегациясының басшылығы спортшыны іздеу жұмыстары бойынша жергілікті билікпен жұмыс істеп жатыр.

Споршы бір рет угандалық шенеуніктің қоңырауына жауап бергені белгілі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия