jasqazaq.kz

Олимпиадада жолы болмаған Полторанин Әлем кубогінде бірінші орын алды

05 наурыз 2018, 11:08

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысында жеңіс тұғырына көтерілді. Отандасымыз Лахтиде (Финляндия) өткен әлем кубогының тоғызыншы кезеңінде топ жарды. Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

15 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өту сайысында Алексей үздік екенін тағы бір дәлелдеді. Аталған қашықтықты 33 минут 11,9 секундта бағындырып, бәрін басып озды.

Күміс жүлдені ресейлік шаңғышы Александр Большунов иеленді. Қола медальға Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында марафон жарысында жеңімпаз атанған фин Ийво Нисканен ие болды.

Айта кетейік, Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Алексейдің оң жамсбасына келетін 15 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өту сайысы жарыс бағдарламасында болған жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде