jasqazaq.kz

Олимпиада ойындарында тұңғыш рет ел атауы қазақша қолданылады

19 қантар 2022, 11:31

Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада құрамасының формасы Qazaqstan атауымен шығады, — деп хабарлайды Olympic.kz.

Сайт мәліметінше, маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынған. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтар тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені ол халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.

«Олимпиада ойындары — ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, командасын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының Qazaqstan деп жазылуы — ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам саналады. Қазақ мәдениетінің ұлттық элементтері форма дизайнында халықтың салт-дәстүрлері мен өзіндік ерекшелігін ерекше атап өту үшін әрқашан да маңызды. Біздің шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді. Біздің атлеттерге де форманың жаңа элементі ұнайтынына сенімдіміз. Олимпиадашылар — Қазақстанның шетелдегі маңызды елшілері. Сондықтан біздің отандастарымыз біздің командамызға — өз командасына қолдау көрсетеді деп үміттенеміз», — деді еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитеті өкілдері.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар жаңа формада аттанады.

Айта кетейік, 17 қаңтарда барлық жарыс аяқталды. Қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен 82 лицензия жеңіп алды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр