jasqazaq.kz

Олигарх Клебанов Екібастұз жылу электр орталығын мемлекетке бір теңгеге сатпақ

30 қараша 2022, 13:51

Олигарх Александр Клебанов Екібастұздағы жылу электр орталығын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер Клебанов осы нысандарды мемлекетке қайтаратын болса, халыққа және мемлекетке келтірілген залалды өтеуі керек. Екі күн бұрын әкімдікте жиналыс болды, оған Клебанов та келді. Сол кезде осы жайында оған айттық. Ол аталған нысанды бір теңгеге мемлекетке сатуға дайын екенін мәлімдеді. Біз өз кезегімізде олай болмайтынын, яғни бірінші кезекте кәсіпорынды иелікке алған кезде оның жағдайы мен қазіргі ахуалын салыстырып, соның айырмашылығын анықтап алуды талап еттік. Осы орайда кәсіпкер бұл айырмашылықты төлеуі тиіс, сондай-ақ Екібастұздың тұрғындарына келген шығынды өтеп беруі керек», — деді Е. Саиров.

Оның айтуынша, бұл мәселе Үкімет деңгейінде шешілуі керек.

«Егер құқық қорғау органдары заң бұзу деректерін анықтаса, онда келген залалдың орнын өтеу мәселесі көтеріледі», — деді депутат.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта