jasqazaq.kz

Өлгендер үшін – өлі тыныштық

31 мамыр 2019, 11:15

Ойсалар

Израильде Холокостты осылай еске алады. Телеарналар мен радиоларда, қала көшелеріндегі дыбыстағыштардан екі минут бойы сирена ойнайды. Халық келе жатқан жерлерінде қимылсыз тұра қалады. Көлікте келе жатса, жолдың қақ ортасында тоқтай салады. Көшеде өлі тыныштық орнайды.
Осыдан тұп-тура үш жыл бұрын АҚШ-тың еске алу күнін қалай өткізетініне куә болып таңқалғаным бар. Америка соғысты көп көрген ел. Әлемде қандай дау-жанжал болса, соның бәріне де үн қосумен келеді. Жеңіліп те көрмеген. Бірақ Жеңіс күнін атап өтпейді. Соғыста қаза тапқан сарбаздарды еске алады. Олардың әрқайсына саябақтарда бір-бір ту тігеді. Ал біз қалай еске аламыз? «Холокоста 6 млн еврейден айырылдық» деп Израиль БҰҰ-ның Бас ассамблеясына Холокост құрбандарын еске алу күнін белгілетіп алды. 2005 жылы дәл сол БҰҰ арқылы Холокостты жоққа шығаруды қабыл алмайтынын заңдастырды. Ал бас-аяғы екі-үш жылда төрт миллион xалықтан айырылып қалған біз не істедік?

Шыңғыс Мұқанның,
Фейсбук парақшасынан

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда