jasqazaq.kz

Ольга Рыпакованың қызы ел чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

28 мамыр 2021, 14:37

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Алматыда өткен 18 жасқа дейінгілер арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Анастасия ұзындыққа секіру және 4 х 100 метр қашықтыққа эстафеталық жарыста тұғырдың биігінен көрінді.

Altaynews.kz мәліметінше, Анастасия алғаш рет осы қыста Өскемен қаласында өткен ел чемпионатында көзге түскен. Ол кезде жас спортшы 6,14 метрге секіріп, барлығын таң қалдырған. Сондықтан көпшілік оған үміт артып, жаңа рекордтар күтті.

Дегенмен жеңіс Анастасияға оңай келмеген. Бастапқыда Анастасия 5 мүмкіндіктің тек біреуін ғана сәтті орындап, 5,64 метрге секірді. Ал қарағандылық Елизавета Федорук 5,83 метр нәтижемен көш бастады.

«Бірақ жұлдызды ананың қайсар мінезі Анастасия Рыпаковаға өткен. Ең соңғы, алтыншы секірісте ол бірден 5,96 метрге секірді. Ал Федорук соңғы секірісте 5,57 метр ғана бағындырды. Анастасия Рыпакова ел чемпионы болды».

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде