jasqazaq.kz

Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылғаны рас па?

21 қараша 2019, 14:24

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісі тоқтатылды деген ақпаратты растаған жоқ. «ІІМ Олеся Кексельге қатысты істің тоқтатылғаны жайлы ақпаратты растамайды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Оған қатысты іс тоқтатылған жоқ», — деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер Тергеу департаментіне сілтеме жасай отырып. Ал бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаров керісінше Олеся Кексельдің ісі тоқтатылғанын айтқан болатын. «Осыдан екі ай бұрын Кексельдің үстінен шағым түскенін білемін. Сенбі күні қылмыс құрамы болмағандықтан, Кексельге істің тоқтатылғаны жайлы хабарланды. Мұны Кексельдің өзі айтты. Тергеушінің өзі де хабарласып, қылмыс құрамы болмағандықтан, істің тоқтатылғанын айтты», — деген еді Қожамжаров. Еске салайық, Олеся Кексель биыл мамырда арнайы прокурорлар қызметінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2018 жылдың қаңтарынан бастап атқарған. Мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының орынбасары болған. 2017 жылы Олеся Кексель «Жылдың мемлекеттік қызметкері» атанды. Ол ең күрделі сыбайлас жемқорлық істерімен айналысып, II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда