jasqazaq.kz

Олар Әбу Ханифа мәзхабына оралды

17 қараша 2016, 0:39

snimok

Павлодар облысында дәстүрлі емес діни ұйымдардың жетегінде жүрген 60 шақты адам қайта Әбу Ханифа махһабын қабылдаған. Бұл туралы бүгін облыстық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықова Павлодарда өтіп жатқан «Заманауи терроризм. Жаңа сындар және қауіп-қатерлер» атты халықаралық конференция барысында мәлім етті.

ҚазАқпарат хабарлағандай, биыл біздің орталық жыл басынан бері 700-ге жуық іс-шара, яғни әртүрлі форумдар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар ұйымдастырды. Республикаға танымал дінтанушылар шақырылды. Сонымен қатар, әртүрлі діни секталардың қатарына кіріп кеткен 100-ден астам адаммен жүзбе-жүз сөйлесіп, 60-тай адамның Ислам дініндегі дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабын қайта қабылдауына ықпал еттік. Атап айтар болсақ, олардың діни сенімдерін дұрыстап, құжаттарын реттеп, қызметке орналастыру жұмыстарын жүргіздік. Олардың 40-тан астамы салафиттік сенімді ұстанғандар. Сондай-ақ, дәстүрлі емес «Атажол» және Иегова куәгерлері секілді аса қауіпті топтардың жетегінде адасып жүрген азаматтар да болды. Қазіргі күні олардың туыстарымен хабарласып, жағдайларын біліп тұрамыз, — дейді Гүлназ Раздықова. Оның айтуынша, теріс жолда жүрген бір адамның сенімін өзгертіп, дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабын қабылдату үшін бір айдан жарты жылға дейін уақыт керек. Сондықтан, мұндай ұйымдарға заңмен тыйым салу арқылы ғана тосқауыл қойылады. Жалпы, Павлодар облысында биылғы жылы террорсистік бағыттағы әрекеттер бойынша жазаға тартылған адам жоқ. Ал, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында тұрғындарды Сирияға баруға үгіттеп, діни экстремизмді насихаттағаны үшін ұсталған 10-шақты адам қазір Павлодардың колонияларында жазаларын өтеуде.

 

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі