jasqazaq.kz

Октябрь аты өшіп, ӘЛИХАН ауданына айналды!

24 желтоқсан 2021, 10:50

Биыл – тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі!
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы!
Тәуелсіздіктің қарлығашы Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығы!

Күні кеше Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданы Әлихан ауданы болып өзгертілгені туралы шешім шықты.

Әлиханның 150 жылдығында берілуі тиіс еді аудан аты. Ақорда келісім беріп қойған мәселе Қарағандыдағы 3-4 коммунист кемпір-шалдың қарсы болуына бола 5 жыл кешікті! Ешқандай ел есітпей-ақ қойсын мұны….

Бұған да шүкіршілік, ұзағынан сүйіндірсін!

Әлихан атын ұлықтауды «Ақ жол» партиясы бұдан 15 жыл бұрын да, 5 жыл бұрын да, биыл 9 ай бұрын да мәселе етіп көтеріп, көпті құлағдар етіп жазған еді. Алаш пен Әлиханның 155 жылдығына арналған 2021 жылы 3 наурыздағы және 14 сәуірдегі «Ақ жол» фракциясының екі депутаттық сауалын жасағанымызда да «Октябрь ауданы Әлихан атына ауысады» деп айтып та, жазып та жіберіп едік.
Сол шешім енді шықты.

Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында, Қарағанды облысы Қарағанды қаласының келесі құрамдас бөлігі: Октябрь ауданы – Әлихан Бөкейхан атындағы аудан болып қайта аталсын деп Қарағанды облысының әкімдігі қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихаты шешімі қабылданды.

АЛАШ ақыры Октябрьді жеңді!
Октябрь аты өшіп, ӘЛИХАН ауданына айналды!
9 ай бұрын айтқан сөзіміз де заңды күшіне енді!

Қазыбек Иса,
Мәжіліс депутаты

22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
Grayscale: ON