jasqazaq.kz

«ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды

30 маусым 2022, 14:18

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.

Агентттік таратқан ақпаратқа қарағанда, қылмыстық іс аясында «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Мұхтарова Шынар Оралғазықызына 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге иеленді деген күдікпен іздеу жарияланды. Аталмыш қаржы дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымы екені анықталды. Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, Агенттіктің көрсетілген телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-центр 1424 +7 (7172) 909 260.

«Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген»,-делінген хабарламада.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр