jasqazaq.kz

Оқушысы көп мектеп директоры айыппұл арқалады

05 желтоқсан 2019, 16:26

Мектеп директорларына оқушы саны асып кеткен сыныптар үшін айыппұл сала бастады. Тексеруді тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау бөлімі жүзеге асырады.

Елордада бес оқу орнының басшылары жауапқа тартылды. Айтарлықтай айыппұл — жарты миллион теңгеден астам. Бірақ директорлар өздерін кінәлі деп санамайды. Бұған қатысты Білім министрлігінің ұстанымы қандай? Бұл туралы 31 арнаға хабарлады.

Елордада бес мектептің директоры ата-аналар жиналысына қатысты. Олар әр сыныпта 30 оқушы оқығаны үшін айыпұл арқалағандарын жеткізді.

Заң бойынша, ереже бұзған лауазымдық және заңды өкілдерге 230 АЕК және 580 мың 750 теңге айыппұл салады.

Қазақстанда 124 үш ауысымды мектеп бар.

«Әр сыныпқа 25 баладан оқыту мүмкін емес. Бала саны көп», — деді елордадағы №22 мектеп директоры Ботагөз Жүнісова.

Биыл жыл басынан бері 27 айыппұл салынды. Айыппұл мектеп пен директорлар атына жазылды. Олар айыппұлды өз қалтасынан төлеген.

Ал, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мектеп директорының барлық жағдайға жауапты емес екенін, әкімнің жауапкершілігі барын да ескертті.

БҒМ директорлардың өз міндетіне ғана жауап беруі үшін Жоғарғы сотпен бір апта ішінде келісім жасайтынын айтты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда