jasqazaq.kz

Оқушының мектепке қатынайтын жолы қауіпке толы

21 мамыр 2019, 8:08

Алматының шеткі ықшамауданының тұрғындары төрт жылдан аса уақыт бойы жол мәселесін шеше алмай келеді. Алғашында облысқа қарап, кейіннен қалаға өткен кезде бөрікін аспанға атып қуанған жұртшылық, осыдан кейін жағдайлары оңалар деп үміттенген. Бірақ та өзгерген дәнеңе де жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Теректі ықшамауданындағы Квартал Жетісу көшесі кептелістен қашып, қалаға кірген-шыққан жүргізушілердің тұрақты жолына айналған. Алайда, темір тұлпар иелеріне тиімді болғанымен, мұнда тұратын қарапайым тұрғындарға зиянын тигізуде. Асфальт төселмеген жолда жазда шаң жұтып, қыста көк тайғақпен арпалысқандар, жаңбырлы күні адам емес көліктің өзі әрең жүреді деп отыр.

Күләш Елеусізова, Алматы қаласының тұрғыны:

— Осының барлығын әкімдік біліп отырса да ешқандай шара қолданбай отыр. Мына жолды жаңбыр жауған күні келіп түсіретін болсаңыздар, аяқ басатын жер таппайсыздар.

Сонымен қатар, оқушылардың мектепке қатынайтын жолы да қауіпке толы болып тұр. Қос жеткіншектің қайғылы жағдайынан кейін арнайы қойылған жол белгілеріне, жүргізушілер назар аударар емес. Шағын көшеге бағдаршам керектігін талай мәрте әкімдікке айтқан тұрғындар, шенеуніктердің құлақ аспай жатқанына қынжылады.

Шынтас Темірбеков, Алматы қаласының тұрғыны:

— Бірінші бала өлген кезде жаяу жүргіншілер жолағын қойды. Екінші бала өлген кезде 40 белгі қойды. Соны бұны істеу үшін адам өлу керек пе?

Осылайша мектепке барар жол қазір жұртшылықтың уайымына айналды. 2 мамыр күні жаяу жүргіншілерге арналған орыннан өтпек болған 6 жасар қызды көлік қағып өлтірген. Осындай асыққан жүргізушілерді ауыздықтау үшін ешқандай шараның қолданылмай жатқанына қынжылған жұртшылық, арнайы белгілерден де пайда жоқ деп отыр. Ал, Теректі тұрғындарының қордаланған мәселесін шешеміз деген әкімдіктегілер алдымен су жүргізіп алайық деп отыр.

Ертіс Бесіров, Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:

— Орталық ауыз су және кәріз жүйесін жүргізу бойынша сметалық құжаттамалар жасалып жатыр. Ол биы аяқталса, келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана жаңа жол салу қолға алынады.

Сондай-ақ, айналмалы жолға кедергі орнату туралы тиісті орындарға ұсыныс жолдайтынын айтқан ақ жағалылар, оның жауабы бір айдың көлемінде беріледі дейді. Алайда, балаларын білім ошағына үреймен жіберетін тұрғындар созылған уақыт сарсаңға салмаса болды дейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде