jasqazaq.kz

Оқушының аузына неге скотч жапсырылды?

03 қараша 2017, 11:30

Смоленск қаласындаға №33 мектепте мұғалім екінші сынып оқушысының аузын сабақ уақытында сыныптасымен сөйлесіп отырғаны үшін скотчпен байлап тастаған. Оқушы солай жарты сағаттай отырған. Бұл туралы life.ru сілтеме жасап Baq.kz хабарлады.
Қала әкімшілігі бұл жағдайды тексеріп, шара қолданатынын айтқан.«Бұл жағдай тексеріліп, кінәлілер міндетті түрде жазалануы керек», — деді қала басшысы Владимир Соваренко. Осы жағдайдан кейін мектеп әкімшілігі мұғалімді жұмыстан шығарып жіберген. Бұл туралы Readovka порталы жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Ресейде бұған ұқсас жағдай оның алдында да болған. Иркутск облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балалардың бірінің аузын скотчтап тастағаны хабарланған-ды. Тәрбиеші ол баланың суретін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық