
22 қаңтарда Қостанайда Горький атындағы гимназияда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі соққыға жығылды. Бұл туралы «Костанайские новости» порталы хабарлады.
Гимназия директоры Ирина Шушпанованың айтуынша, сол күні оқушы қыздардың бірінің әкесі мектепте болған. Сынып жетекшісімен қызының үлгерімі жайлы сөйлескен екен. «Дене шынықтыру пәні мұғалімінің айтуынша, ол сабақта қызға бірнеше рет ескерту жасаған. Алайда қыз оны елемеген. Сол кезде ол әдепсіз сөз айтқан. Бұл балағат сөз емес, бірақ ар-намысқа тиеді. Оқушы әкесінің мектепте жүргенін біліп барлығын айтып берген. Осы кезде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды спортзалдан сыныпқа алып келіп, өз жұмыс орнына бара жатқан. Сол жерде 2 сыныпта оқитын қыздың әкесі мұғалімнің атын айтып айғайлаған. Дәл сол мұғалім екеніне көзін жеткізіп, соққыға жыға бастаған. Оның жағын сындырған. Барлығы дәлізде болған, ешкім болмаған, бірақ осы жағдайдың барлығын оқушы қыз көріп тұрған», – деді Ирина Шушпанова. Басылым мәліметінше, мұғалімді жедел жәрдем алып кеткен. Қазіргі уақытта ол қысқамерзімді есте сақтау мүмкіндігінен айырылғанын айтады. Ал қыздың әкесі өзін кінәлі деп санамайтынын айтып отыр. Жәбірленуші мұғалім құқық қорғау органына жүгінген. Қыздың әкесі де ар-намысқа тиетін сөз айтқан үшін шағымдануы мүмкін. Видеокамералар соққыға жығу процесін түсіріп алған.