jasqazaq.kz

Оқушыны зорлаған ақтөбелікке сот үкімі шықты

27 наурыз 2020, 14:00

Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған сотталушы 27 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылдың 27 наурызындағы үкімімен Саржан Құрманов жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып күш қолданғаны, зорлағаны, сексуалдық сипаттағы зорлық іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотпен 23 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәріберушінің пайдасына 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Айта кетейік, оқиға өткен жылдың желтоқсан айында тіркелген болатын. ҚазАқпарат хабарлағандай, Ақтөбелік полицейлер 12 желтоқсанда кәмелетке толмаған балаға қатысты аса ауыр қылмысты ашты. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталмаған 21 жасар күдіктіні ұстады. Бұл қылмысты ашуға ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен арнайы жедел-тергеу тобы айналысты. ҚР ҚК 120-бап 4-тармағы және 121-бап 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

 

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі