jasqazaq.kz

Оқушымен жыныстық қатынасқа түскен имам қамауға алынды

29 қантар 2021, 9:52

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ауыл имамы қамауға алынды. Тергеу мәліметінше ол мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда мешіттегілер 40 жастағы күдіктінің мүфтиятқа қатысы жоғын айтады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Айтуға ауыз бармайтын жағдай облыс орталығынан шалғайдағы ауылда болыпты. Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңімесінен тараған. Тіпті мектеп оқушысы имамнан жүкті болып, жасанды түсік те жасағаны туралы сөз желдей ескен. Осыдан кейін ақпаратты тексеруге ауылға барған полицейлер оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғады. Қаршадай қызға жыныстық қылмыс жасалғаны туралы ата-анасы да жақ ашпаған. Ал мүфтияттың айтуынша, күдіктінің діни білімі болғанымен, имамдық сертификат алмапты. Дегенмен ауылдағылар оны діни жоралғыларды өткізуге шақырып ауыл молдасына айналдырып алған.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

-Аталған хабарламаға сәйкес, ҚР ҚК 120-бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты сотпен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия