jasqazaq.kz

Оқушыларға таратылған 1 мыңнан астам планшет жарамсыз болып шықты

28 қыркүйек 2020, 17:30

Алматыда көпбалалы ата-аналар қашықтан оқуға тегін таратылған планшеттерге қатысты шағым түсірді. БҰл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы әкімдігінде құрылған арнайы комиссия сараптаманың бірінші кезеңін қорытындылады.

«Өткен аптада көпбалалы аналардың көп шағым келді. Соған байланысты біз ата-аналардың қолындағы планшеттердің техникалық талапқа сай екендігін анықтау үшін арнайы тәуелсіз сараптама тағайындадық», — деді қоғамдық бақылау үйлестірушісі Саида Тәукелева.

Қалада жалпы құны 1 млрд 319 мың теңге болатын 22 мың планшет таратылған. 1 планшет құны 60 мың теңге шамасында.

«1 119 планшет жарамсыз боп шықты. Бұл бұйымдарды жеткізушіге қайтардық», — деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай.

Сарапшылардың пікірінше, техникалық ақаулар механикалық әсерден болуы мүмкін.

«Зауыттан болған ақау болса жеткізуші ауыстырып береді. Бұл техника болғандықтан бұзылуы мүмкін. Планшет ойнауға емес, сабақ оқуға берілетінін ескеру керек», — деді мониторинг тобының өкілі Рафаэль Гасанов.

Оның айтуынша, планшеттерге 3 жыл кепілдік беріледі. Алматы оқушыларының 96 пайызы қашықтан білім алуы үшін қажетті құралмен қамтылған. Егер планшет механикалық әсерден істен шықса, оны ауыстыру заң ойынша қарастырылмақ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия