jasqazaq.kz

Оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді

11 шiлде 2020, 14:15

Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Мектеп формасы түсінігінің өзі, оның қағидаты мен талаптары ешқайда жоғалып кетпейді. Бірақ біз бұл бұйрыққа арнайы тармақ енгіземіз. Яғни ол тармаққа төтенше жағдай, карантин, шектеу шаралары мен басқа да форс-мажор жағдайлар жатады. Дәл осындай жағдайларда балаларға классикалық іскерлік киіммен келуге рұқсат береміз», — деді Асхат

Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде. Оның айтуынша егер ата-аналарда қазіргі уақытат мектеп формасын алуға жағдайы болмаса балаларға қарапайым классикалық киім алып беруге болады.

«Мұндай шешімді біз қабылдадық. Қазіргі жағдайда бұл шешімнің маңызы зор деп есептейміз. Мұны кеңес сипатында емес, Білім және ғылым министрлігінің әділет органдарында тіркеген бұйрығы негізінде жүргізіп жатырмыз. Шешімнің нормативті-құқықтық құжат ретінде сипаты болуы керек», — деді ол.

Асхат Аймағамбетов десе де бұл өзгеріс уақытша екенін ескертті. Еске сала кетсек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мектептердің алдағы жаңа оқу жылына дайындығын пысықтаған болатын.

«Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің бұл оқиғаға дайындығына күмәнім бар. Балалар қалай оқиды – мектепте немесе қашықта? Мұғалімдердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай?», — деп сұрақ қойды Мемлекет басшысы.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі