jasqazaq.kz

Оқушыларға берілетін тамаққа қатысты заңбұзушылықтар анықталды

28 қантар 2020, 21:55

Алматы мектептерінде оқушыларға сапасы сын көтермейтін ас беріп келген. Мұны мамандар арнайы мониторинг жүргізу барысында анықтапты.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Бүгінде қаладағы мектептердің 245-інде асхана болса, соның 53 пайызында өрескел заң бұзушылықтар әшкере болды. Нақтырақ айтсақ, асхананы жалға алушылар тағам дайындау үшін талапқа сай келмейтін азық-түлік пайдаланыпты. Тамақ пісіру технологиясы мүлдем ұмыт қалыпты. Аспаздар санитарлық талапты ескермеген. Ең сорақысы, алдын ала дайындалған асты ұл-қыздарға қайта жылытып берген асханалар да бар екен. Ал бес мектепте мүлдем тыйым салынған өнімдерден тағам дайындалып, еш кедергісіз оқушыларға ұсынылыпты. Ережені өрескел бұзып, балалардың денсаулығына үлкен қауіп төндірген кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылды.

Айзат Молдағасымова, Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

— Жалға алып отырған 22 субьектіге 1.6 миллион айыппұл салынды. 22 ұйғарым берілді. Ал үш жалға берушілермен білім беру басқармасы жалға беру шартын жойды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде